Аудандағы мерейлі отбасылар марапатталды

Аудандағы мерейлі отбасылар марапатталды

Шымкен қаласы Еңбекші ауданы бойынша «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсында жеңімпаз атанған отбасыларға Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтің алғыс хаты мен бағалы сыйлықтары табысталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Елбасының бастамасымен 2013 жылдан бері өткізіліп келетін бұл байқауға Еңбекші ауданынан 20 отбасы өтініш білдірген. Құжаттарын арнайы құрылған комиссия қарап, 4 отбасыны лайықты деп таныған болатын.

Өзгеге үлгі болып жүрген отбасылар қатарында Бимурзаевтар,Шерметовтер, Садыковтар және Түктыбаевтар отбасы бар.

Еске салсақ, жалпы аталған ұлттық конкурсқа қатысу үшін қала бойынша 110 отбасыдан өтініш келіп түскен болатын. Анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша төрт ауданнан 16 отбасы байқаудың екінші қалалық кезеңіне жолдама алып, қалалық байқаудың қорытындысы бойынша Алиевтер отбасы жеңімпаз деп танылған еді.