«Үшінші мегаполиске» – 3 жыл

«Үшінші мегаполиске» – 3 жыл

Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялыр орталығында өткен баспасөз брифингте Мемлекет басшысының тапсырмаларының орындалуы жөнінде баяндады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

«Үш жыл бұрын Елбасының Жарлығымен Шымкентке республикалық қала мәртебесі берілді. Бұл тарихи шешім Шымкенттің тынысын ашты»,- деген Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов үш жылдың даму көрсеткіштері туралы айтып өтті.

Шаһардағы үш жылдық инвестиция 1,2 трлн.теңгеден асты. Осы аралықта қала бюджеті 131,2 млрд.теңгеден биыл 481,6 млрд.теңгеге жетеді деп күтілуде, яғни өсім 3,7 есе болмақ. Инвестиция көлемі соңғы үш жылда 1,9 есеге өсіп, 214 млрд. теңгеден биыл 400 млрд-қа теңгеге жоспарланып отыр. Ал өнеркәсіп өнім көлемі 425 млрд.теңге болса, жыл соңында 710 млрд.теңгеге жеткізу көзделген.

Қалада 3 жыл бұрын 402,5 мың шаршы метр тұрғын үй берілсе, биыл бір миллионға жеткізу жоспарланып отыр.

Соңғы үш жылда, биылды қосып есептегенде, 853,5 шақырым жол төселеді. Бұрын мұнша көлемдегі жол 10 жылда салынған.