Shymkentaqparat.kz
Саясат

«Бәріне қарсымын». Сайлау Заңына өзгеріс енді

Шымкент Ақпарат
«Бәріне қарсымын». Сайлау Заңына өзгеріс енді

Сенат депутаттары "Қазақстандағы сайлау туралы" Конституциялық заңға әкімдер сайлауын енгізу және барлық үміткерге қарсы дауыс беруді қарастыратын түзетулерді қабылдады, - деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Tengrinews-ке сілтеме жасап

Заң жобасының мақсаты аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімін тікелей сайлауды енгізу. Заң жобасының негізгі міндеттері: сайлау жүйесін жетілдіру; жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайту; Парламент Мәжілісіне сайлау кезінде саяси партиялардың өту шегін төмендету.

Өзгерістер:

Сенат қабылдаған Заң Президент Әкімшілігіне жіберіледі. Ол ел Президенті қол қойғаннан және ресми жарияланғаннан кейін ғана қабылданған болып саналады.

Бұған дейін ел Президенті әкімдер сайлауы 2024 жылы өткізілуі тиіс деп мәлімдеген болатын.

2021 жылғы парламенттік сайлаудан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліске партиялардың өту шегін 7-ден 5 пайызға дейін төмендетуді, сондай-ақ барлық деңгейдегі сайлау бюллетеніне "бәріне қарсы" бағанын енгізуді ұсынды.


Фото: Турар Казангапов


Шымкент Ақпарат
Автордың басқа материалдары