Shymkentaqparat.kz
Мәдениет

Қалың ел пікір білдіріп, сергек қарап отыр

Бүгінгі таңда ел болып елеңдеп, жұрт болып алаңдап отырған ҚР Ата заңының қайта қаралып жатқаны шынында да біздің халыққа үлкен серпін беріп отыр. Конституциямыздың қазіргі нұсқасының кіріспесінің өзінде адамды жігерлендіретін, осы мемлекеттің азаматы екеніңді сезіндіретін егемендіктің еркін самалы еседі.

Мың өліп, мың тірілген қазақ ұлты – Ұлы даланың мың жылдық тарихының сабақтастығын сақтап, жаңа кезеңге қадам басты. Мемлекеттің барлық қуаты, құндылығы, табысы адам капиталына бағытталып отырғандығы да Ата заңымыздың ерекше басымдығы әрі мағыналық өзегі ретінде айқындалған. Отбасылық құндылық, тарихымыз бен мәдениетіміз, білім мен инновация, табиғатымызды таза ұстау сынды мәселелер Конституциямызбен қорғалатыны баршамызды қуантады.

Жаңа Конституцияда адам және оның құқығы, бостандығы, қадір-қасиеті – ең жоғары құндылық. Ата заңымыздың айбынын асқақтатып тұрған басты ерекшелік – оның Ана тілімізде жазылуы. Жалпыға ұғынықты, тілге жеңіл жазылғандықтан да қалың ел пікір білдіріп, сергек қарап отыр.
Ата Заңымыздағы реформа мемлекетті өркендетудің негізігі өзегі болып отырғанына сенім артамын, және қолдаймын.

Анар ЖАППАРҚҰЛОВА,
Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапхананың директоры.

Бажақай Гүлжауһар Темірханқызы
Автордың басқа материалдары