Shymkentaqparat.kz
Қоғам

Қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам

shymkala.kz

Еліміздің жаңа Конституциясы жобасы – еліміздің қоғамдық-саяси және әлеуметтік дамуының жаңа кезеңіне сай әзірленген маңызды құжат деп санаймыз.

Ұсынылып отырған Ата заң жобасында білім мен ғылымды дамытуға, инновацияға басымдық берілуі – болашақ ұрпақтың кемел келешегі үшін жасалып отырған стратегиялық әрі көреген шешім. Бұл бағыттар еліміздің тұрақты дамуына, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға және ұлттық әлеуетті күшейтуге қызмет етеді.

Жаңа Конституция жобасының Преамбуласында халқымыздың тарихи жолы, тәуелсіздік құндылықтары, ұлттық бірлік пен қоғамдық келісім идеяларының көрініс табуы – ел болашағына деген жауапкершілікті айқындайды. Бұл – ұлттың рухын көтеріп, қоғамдағы татулық пен тұрақтылықты нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Сонымен қатар, қолданыстағы Конституция еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы қалыптасу кезеңінде өзінің тарихи миссиясын толық орындады деп есептейміз. Ал бүгінгі заман талабына сай жаңа Конституция қабылдау – мемлекет дамуының жаңа белесіне жол ашатын шешім.
Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі жаңа Конституция жобасын қолдай отырып, бұл бастама еліміздің жарқын болашағы мен тұрақты дамуына берік негіз қалайды деп сенім білдіреді.

Кенжехан ТӨЛЕБАЕВ,

Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Бажақай Гүлжауһар Темірханқызы
Автордың басқа материалдары