Абылай Қондыбаев бұл шараға 560-қа жуық спорттық жылқы келетінін, оларды орналастыруға және ветеринарлық күтімге барлық жағдай жасалғанын атап өтті. Ойындаржабылуы 13 қыркүйекте өтеді. Жабылу салтанатында келесі өткізуші мемлекетке белгілі болады.
“5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары жылдың ең маңызды тарихи оқиғасы болмақ. Әлем көз тіккен дүбірлі додада бізбен бірге болатындарыңызға қуаныштымыз”, - деп, Абылай Қондыбаев сөзін түйіндеді.
Ұлттық және ат спорты орталығының директоры Бақдәулет Сәбитов Қазақстан құрамасына қатысты
«5-ші дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын барлық 21 спорт түрі бойынша 216 спортшы қорғамақ. Спортшылардың дайындық мәселесіне келсек, 2024 жылы ақпан айынан бастап 11 ұлттық спорт түрлері бойынша 42 оқу-жаттығу жиындары өтті. Сондай-ақ 7 қыркүйекке дейін Астана қаласында барлық 21 спорт түрінен соңғы оқу-жаттығу жиындары өтіп жатыр», - деп түйіндеді.