Бүгінге дейін Ұлттық ұлан сарбаздарының 34 пайызы вакцинациядан өтті, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық ұланының баспасөз хатшысы Руслан Жангулин мәлімдеді.
«Бүгінгі таңда 10 608 адам вакцинаның 1-ші компонентін, 606 адам 2-ші компонентін салдырды. Әлбетте барлығын бір кезеңде вакциналай алмаймыз. Өйткені бұл біздің күнделікті әскери міндеттерімізді орындау ерекшелігіне байланысты. Сондықтан бәрі кесте бойынша және ерікті түрде жүріп жатыр»,– деді әскери кеңес хатшысы.
Савердин Имировтың айтуынша көптеген әскери қызметкерлер қазақстандық вакцинаның жасалуын күткен.
«Біз шілдеге дейін әскерилерді вакциналауды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Көптеген әскери қызметкер қазақстандық вакцинаны күтті. Сондықтан алғашқы кезеңде қалыс қалды», – деді спикер.
Әскердегі вакцинациялау науқанын ағымдағы жылдың 1 маусымында аяқтау жоспарланып отыр.
Еске салайық, өткен аптада Жамбыл облысындағы фармацевтикалық зауыттан 50 000 доза отандық «QazVac» вакцинасының бірінші партиясы Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Алматы және Шымкентке жөнелтілді.