1 қаңтардан бастап елімізде педагогтердің жалақысы тағы 25 пайызға өсті, – деп хабарлайды shymkentaqparat.kz
Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы еліміздегі педагогтердің жалақысын ұлғайту туралы тапсырма берген болатын. Бұл туралы 2019 жылы қабылданған «Педагог мәртебесі туралы» Заңда нақты көрсетіліген еді.
Осылайша былтырғы жылдан бастап тек қана мектеп мұғалімдерінің ғана емес, балабақша педагогтерінің, қосымша білім беру, колледждер мен жоғары оқу орындарының мамандарының да еңбекақылары кезең-кезеңімен көбейіп келеді.
Сонымен қатар мұғалімдер біліктілік санатына қарай еңбекақының 30-дан 50 пайызға дейінгі көлемін қосымша ала алады. Өз ісінің шебері болса, ай сайын еңбекақыға қосымша ретінде 50 пайыз төлем алып отыруға да мүмкіндік бар. Тіпті, бұдан былай пәнді ағылшын тілінде жүргізгені үшін, дәптер тексергені үшін, сынып жетекшілігі үшін де қосымша ақы төленеді.
Мұнан бөлек, өткен жылдан бастап магистрлік дәрежесі бар мұғалімдерге 27 мың теңге көлемінде қосымша төлем беріле бастады.
Фото: ашық дереккөз