ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ-АҚ ІЗДЕГЕН КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

ҮЙДЕН ШЫҚПАЙ-АҚ ІЗДЕГЕН КОМПАНИЯ ҚЫЗМЕТІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫҢЫЗ

Жазым аяқ астында. Қалалық құтқарушылар тобы газбен байланысты оқыс-оқиғалардың алдын алу және болдырмау мақсатында тұрғындарға газды пайдалануда техникалық қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертеді.

Мұржаларыңыз бен желдеткіш арналарының қызметін арнайы мамандарды шақыртып, тексерткен жөн. Бұл бойынша Шымкентте жауапты 7 мекеме жұмыс істейді. Ал 29 компания үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсетуге құқылы.

Үйден шықпай-ақ тиісті мекемелермен келісім-шарт жасасуға мүмкіндік қарастырылған. Ол үшін “I-Shymkent” порталын пайдаланыңыз. Портал арқылы үй ішілік газ жабдықтарына техникалық қызмет көрсететін 13 компанияның бірін өзіңіз таңдап, онлайн келісім-шартқа тұра аласыз.

Бұдан өзге де газға қатысты сұрақтар туындаса, 104 авариялық қызметіне хабарласуға болады.