​«ТӨРЛЕТ, ЖАҢА ЖЫЛ!»: МЕРЕКЕЛІК ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

​«ТӨРЛЕТ, ЖАҢА ЖЫЛ!»: МЕРЕКЕЛІК ГАЛА-КОНЦЕРТ ӨТТІ

Шаһардағы Астана алаңында жаңа жыл мерекесіне арналған «Төрлет, Жаңа жыл!» атты мерекелік гала-концерт өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары танымал өнер жұлдыздары қатысқан мерекелік концертті тамашалады.

Іс-шараның мақсаты – көпшілікке көңілді атмосфера мен жарқын мерекелік көңіл күй сыйлау. Мерекелік бағдарламада театрландырылған музыкалық қойылымдар көрсетілді.

Гала-концерт заманауи сахналық безендірумен, әсерлі жарық шоуымен және жаңа жылдық атмосферамен ерекшеленді.

Мерекелік кешке «DEJAVU» LIVE BAND, Әділет Жауғашар, Астана Қарғабай, Нематилло Зкруллаев секілді эстрада жұлдыздары қатысып, әсем әндерін тарту етті. Шымкенттіктер мен қала қонақтарын мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.

Сондай-ақ, Шымкент қаласында алғаш рет өткен республикалық«Шымкент сазы» эстрадалық ән байқауының жүлдегерлері — Айдын Жұмабаев пен Ақерке Амалят көрермендерге өз өнерін ұсынды.

Жаңа жыл қарсаңында қала тұрғындары мен қонақтарына арналған іс-шара көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады.

Сондай-ақ, түнгі 00:00-де Астана алаңындағы ЛЕД-экран арқылы тікелей эфирде Мемлекет басшысының құттықтауы көрсетілмек.

Бүгінгі концерт соңы мерекелік отшашуға ұласады.

«Шымкент келбеті»