ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

ГАЗ ҚАУІПСІЗДІГІ МЕН СУ ТАСҚЫНЫН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Шымкентте қалалық ТЖБ мен ӨСБ-2 жеке құрам қызметкерлері тұрғындарға газбен уланудың алдын алу және су тасу қауіпі бар аймақтарда қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Мамандар Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесіп, пеш пен электр жабдықтарын пайдалануда өрт қауіпсіздігі ережелеріне мұқият болуды, сонымен қатар улы газбен уланып қалмаудың жолын түсіндірді.

⁣⁣

Бұдан соң “Көксай-2”-дегі әлеуметтік жағдайы төмен отбасылармен кездесіп, су тасқынын болдырмау мақсатында олардың дайындық шараларын пысықтады. Есік алдына жиналған қарларды тазарту жұмыстарына атсалысты.