Биыл соңғы қоңырау қандай форматта өтеді?

Биыл соңғы қоңырау қандай форматта өтеді?

Қазақстанда 9 және 11 сынып түлектері үшін соңғы қоңырау рәсімін өткізуге рұқсат беріледі, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

- Соңғы қоңырау 25 мамырда оқу жылының үшінші тоқсанынан бері офлайн режимде оқып жатқан 9 және 11 сынып түлектері үшін өткізіледі. Сондай-ақ, санитария талаптарын қатаң сақтай отырып, 25 мамырға арналған іс-шаралар, соңғы қоңырау және биыл маусымның ортасында өтетін аттестат тапсыру офлайн режимде өтеді деп жоспарлап отырмыз, - деді министр аппарат жиналысында.

Ол мектеп директорлары, білім бөлімдері мен білім басқармаларына барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапты сақтай отырып, іс-шараны ұйымдастыруды тапсырды.

Айта кетейік, 2020 жылы Қазақстан мектептеріндегі соңғы қоңырау рәсімі оқушылар ата-анасының қатысуынсыз ашық ауада өткізілген болатын.