2022 жылғы әлем чемпионаты Финляндияда өтеді

2022 жылғы әлем чемпионаты Финляндияда өтеді

Шайбалы хоккейден 2022 жылғы әлем чемпионаты Финляндияда өткізіледі, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап

Дүбірлі дода 2022 жылы 13-29 мамыр аралығында сол елдің Хельсинки және Тампере қалаларында өткізіледі. Онда барлығы 16 құрама бақ сынайды.

Еске салсақ, алдағы жылы да биыл сынға түскен құрамалар қатысады. Коронавирус инфекциясына байланысты бірінші дивизиондағы іріктеу ойындары өткізілген жоқ. Сондықтан биыл әлем чемпионатының элиталық дивизионда ойнаған құрамалар толықтай орнын сақтап қалды.

Айта кетейік, биыл Еуропадан - Беларусь, Ұлыбритания, Германия, Дания, Италия, Латвия, Норвегия, Ресей, Словакия, Финляндия, Чехия, Швейцария, Шевеция, Солтүстік Америкадан - АҚШ пен Канада, Азиядан - Қазақстан құрамалары қатысты.

Бүгін Латвияда 2021 жылғы әлем чемпионаты финалы мен үшінші орын үшін ойындар өткізіледі.

Финалда Финляндия мен Канада құрамалары мұз айдынға шықса, үшінші орын үшін АҚШ пен Германия құрамалары таласады.