Мария Әуезова Эверест шыңына шығып, 5 мың метрден астам биіктіктегі базалық лагерьге жетті. Альпинист қыз аяғы жоқ болса да тау шыңын бағындырды, деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Казinform-ға сілтеме жасап.
Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жариялады.
- Бізге бұл мақсатқа жету мүмкін еместігін айтқандар болды. Бірақ біз мақсатымызды орындадық! Қиын жолды еңсере алдық! Ағзаға түскен ауырпалықты, суықты еңсеріп, бастаған ісімізді жеңіспен аяқтадық! Өзіміздің мүмкіндігімізді көрсетіп, үрей мен сенімсіздікті жеңдік! Ендігі мақсат – протезге тұрып, осы жолды қайта жүріп өту, - деп жазды елорда тұрғыны Мария Әуезова.
Белгілі болғандай, Қазақстан азаматтарынан құралған экспедиция 10 күнге жалғасқан, 5364 метр биіктіктегі базалық лагерге жеткен. Олар күніне орташа есеппен 300 метр еңсеріп отырған.
Экспедиция сапындағы тәжірибелі альпинист Вадим Цхе қолдау жасаған барша адамға өз алғысын айтты. Осы орайда ол тәртіп пен қажырлы еңбек, арманды орындаудағы мақсат арқылы Мария жетістікке жеткенін атап өтті.