​АБАЙ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

​АБАЙ АУДАНЫ АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Абай ауданының Самал-3 шағынауданында тазалық іс-шарасы өтті. Аудандық коммуналдық мекемесінің қызметкерлері, белсенді тұрғындар Б.Момышұлы және Шұбаркөл көшесінің бойында санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді.

Көше бойын, ирригациялық жүйелерді қоқыстардан арылтып, шөптерді ору жұмыстары атқарылды. Аудан әкімдігінің қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас инспекторы Ерғали Әбіловтің айтуынша, бүгінгі іс-шараға жалпы 50-ге жуық жұмысшы жұмылдырылған.

Аудан әкімдігі ұйымдастырған акцияның мақсаты – халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, тұрғындарды тазалыққа, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға шақыру.

Жергілікті тұрғындар, шағынауданның ардагерлер кеңесінің мүшелері де экологиялық акцияға белсенді қатысты. Тазалық жұмыстары одан әрі жалғасын табады.

«Шымкент келбеті»

Ғабит Сыздықбеков

Сәрсен Құранбек

Ішкі Саясат Басқармасы Шымкент

Шымкент қаласының әкімдігі

Абай Ауданы Әкімінің Аппараты