Абай ауданы келер жылы 100% электр жарығымен қамтылады

Абай ауданы келер жылы 100% электр жарығымен қамтылады

Қала тұрғындарын электр энергиясымен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде, Абай ауданы келер жылы сапалы электр энергиясымен 100 пайыз қамтамасыз етіледі.

Жалпы Абай ауданында 34 елдімекен болса, ондағы тұрғындардың барлығы электр жарығымен қамтылған. Оның ішінде 8 елді мекен сапалы электр энергиясын жеткізуді қажет етеді.

Аталған елді мекендерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында осы жылы бюджет есебінен 3,4 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Атап айтқанда, Нұршуақ, Жаңаталап, Ынтымақ-2, Батыс, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ақжар елді мекендерінде электр желілері мен бағаналарын орнату жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының аяқталу мерзімі 2021 жылдың соңына дейін және 2022 жылға өтпелі.