30 тамыз - Конституция күніне орай “Шымсити” саябағында мерекелік іс-шара өтті. Абай ауданы әкімдігі ұйымдастырған концерттік іс-шара қала тұрғындарына мерекелік көңіл күй сыйлады.
Абай ауданының әкімі Шәкір Сұлтанхан көпшілікті келе жатқан Конституция күнімен құттықтап, тиімді құқықтық жүйені орнықтыру арқылы экономикалық өсімге және халықтың әл-ауқатының артуына қол жеткізілгенін атап өтті.
Аудан әкімі заң саласында қызмет атқарып жүрген бірқатар азаматтарға “Алғыс хатын” табыс етті. Сондай-ақ, жиында “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иегерлері марапатталды.
Мерекелік жиын одан әрі концерттік бағдарламаға ұласты. Жергілікті өнерпаздар көпшілікке қойылымдарын ұсынып, эстрадалық әндерін тарту етті.
«Шымкент келбеті»