Құрметті "БЖЗҚ" АҚ салымшылары! Соңғы уақытта Қордың салымшыларына қатысты алаяқтық әрекеттер орын алуда. Күннен-күнге әртүрлі жаңа сценарийлер ойлап табылуда. Соңғы мысалдардың бірін келтіре кетейік.
2024 жылғы 3 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ облыстық филиалдарының біріне көп ұйымдардың бірінің есепшісі транзиттік шоттардың бұғатталуына байланысты компания қызметкерінің зейнетақы шотын бұғаттау туралы ақпаратпен "Қор қызметкерінен" қоңырау шалынғаны туралы хабарламамен жүгінді. Бұғаттауды жою үшін есепшіге "сот орындаушысымен" туындаған мәселені шешу үшін хабарласу керектігі туралы талап қойылады. "Сот орындаушысы" өз кезегінде есепшіге берешек соманы өзі көрсеткен шотқа аударуды ұсынады. Бұл әрекет орындалмаған жағдайда, компанияға зейнетақы жарналарын уақытылы аудармағаны үшін айыппұл салынатыны ескертіледі. Өз кезегінде "БЖЗҚ" АҚ филиалының қызметкерлері бұл жағдайды саралағаннан кейін, есепшіге ақша жібермеу туралы кеңестерін берді.
Қордың қауіпсіздік департаменті тиісті ақпаратты алғаннан кейін қоңырау шалынған ұялы телефондардың нөмірлерін тексерді.Ашық көздерден бұл нөмірлер "И. Ю." деген біреудің атына тіркелгені және "алаяқтық"деп белгіленгені анықталды.
Қор мен оның филиалдары туралы статистикаға сүйене отырып, соңғы кездері алаяқтардың азаматтарды телефон байланысы арқылы алдаудың жаңа амалдарын ойлап тапқандары белгілі болды. Себебі, телефон қоңыраулары - күтпеген жерден кездейсоқ болған оқиғадан әбдігерге түскен адамнан құпия ақпаратты алудың немесе оны алаяқтың шотына ақша аударуға мәжбүрлеудің ең көп таралған тәсілдерінің бірі.
Жоғарыдағы жағдайларды ескерсек, БЖЗҚ қызметкерлерінен күдікті қоңыраулар, SMS және мессенджерлер арқылы хабарламалар түскен жағдайда төмендегіні есте сақтауды ұсынамыз:
- зейнетақы жарналарын төлеудің толықтығы мен мерзімділігін "БЖЗҚ" АҚ емес, салық органдары бақылайды;
- БЖЗҚ қызметкерлері ешқашан қаражатты белгілі бір шоттарға аударуды талап етпейді және дербес немесе өзге де деректерге сұрау салмайды.
Сондай-ақ, мына жәйттарды да ұмытпаңыздар:
- күдікті/бейтаныс нөмірлерден хабарлама алған кезде - көрсетілген нөмірлерге қайта қоңырау шалудың қажеті жоқ;
- күдік тудыратын белгісіз нөмірден кіріс қоңырау алған жағдайда, әңгімелесуші өзінің шынайылығына сенімділік тудырса да, әңгімені дереу тоқтату керек;
- күдікті хабарламаларды алған кезде - ешбір жағдайда көрсетілген сілтемелер бойынша өтуге және оларды өзектендіруге болмайды;
- өздерін Қор қызметкерімін деп таныстыратын күдікті адамдармен телефон арқылы сөйлесуден бас тартып, әңгімені дереу үзу қажет;
- қаржы ұйымдарының жеке кабинеттерінде банк карточкаларының құпиясөздерін үнемі ауыстырып отыру керек;
- қаржылық және зейнетақы қызметтерін алуға көмектесуге уәде беретін делдалдардың қызметтеріне еш уақытта жүгінбеңіз. Өйткені, осындай әрекет арқылы сіз бейтаныс адамдарға дербес деректеріңізді олардың арам пиғылдары үшін пайдалануына жол ашасыз.
Барлық сауалдарыңызға жауап алып, ақпараттың дұрыстығын БЖЗҚ бөлімшелерінде де, қашықтықтан да:
enpf.kz сайты, БЖЗҚ/ЕНПФ ұялы қосымшасы арқылы,
байланыс орталығының 1418 нөміріне қоңырау шалу жолымен көп арналы тегін байланыс арқылы, сондай-ақ, +7 777 000 1418 нөмірі бойынша WhatsApp арқылы, БЖЗҚ-ның Одноклассники, Telegram, Facebook, Вконтакте, X және Instagram сияқты танымал платформалардағы әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы датексере аласыз.
БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
.