«Alliance» фабрикасы жылына 4500 тонна жіп өндіреді

«Alliance» фабрикасы жылына 4500 тонна жіп өндіреді

Бүгін Шымкент әкімі Мұрат Әйтенов «Alliance» жіп иіру фабрикасының жұмысымен танысты, -деп хабарлайды Shymkentaqparat

Жылыны 5000 тонна мақта талшығын өңдеп, 4500 тонна иірімжіп өндіретін кәсіпорын 2019 жылы «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында іске қосылған. Қазір фабрика 78 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр.

–Оңтүстікте өндірілетін мақтаның барлығы толығымен Шымкент қаласында өңдеу – үшінші мегаполистің экономикасын дамытуға үлкен септігін тигізеді,-деді қала әкімі аралау барысында.

Кәсіпорын өткен жылы 268 млн. 158 мың теңге көлемінде өнім өндірген. Өнімдер ішкі нарықты қамтып қана қоймай шетелге де саудаланады. Атап айтқанда, Түркияға 127, Ресейге 40, Қытайға 116 және Руминияға 13 тонна иірімжіп экспортталған.


Фото: Береке Сейітжаппар