Apple компаниясы 20 сәуірде жаңа өнімін таныстырады

Apple компаниясы 20 сәуірде жаңа өнімін таныстырады

Онда iPad-тың жаңа моделі және басқа да жаңалықтар ұсынылады, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Бұл турары корпорация сайтында жазылған,

Apple сайтындағы оқиғалар бөлімінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20 сәуірде сағат 23.00-ге жоспарланған іс-шара пайда болды.

Бұған дейін Sky News агенттігі Siri "Apple-дің келесі іс-шарасы қашан болады?" деген сұраққа биыл 20 сәуірде деп жауап бергенін хабарлаған болатын. Таныстырылым кезінде Apple бірқатар жаңа әзірлеме көрсетуі мүмкін. Оның ішінде жаңа iPad Pro болуы тиіс, себебі бұқаралық ақпарат құралдары оны сәуірдің ортасында ұсынылатынын хабарлаған.

Apple 1976 жылы құрылған, ол жеке және планшет компьютерлер, аудио ойнатқыштар, телефон, смарт-сағат және бағдарламалық жасақтама шығарады.