АСТАНАДА 8-13 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕТІН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ МӘДЕНИЕТ ПЕН САЛТ-ДӘСТҮРГЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА БОЛМАҚ

АСТАНАДА 8-13 ҚЫРКҮЙЕК АРАЛЫҒЫНДА ӨТЕТІН ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ МӘДЕНИЕТ ПЕН САЛТ-ДӘСТҮРГЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРА БОЛМАҚ

Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындары мәдениет пен салт-дәстүрге арналған іс-шара болмақ. Осы ауқымды іс-шара аясында «Қазанат» ипподромының жанында 10 гектар жерде «Көшпенділер Әлемі» этноауылы ашылады. Онда қазақ халқының тарихына сүңгіп, көшпелі халықтардың өзіндік мәдениетімен таныса алады.

????7 қыркүйекте сағат 11:00-де «Көшпенділер Әлемі» этноауылы жұртшылықты ашылу іс-шарасына шақырып, өз қақпасын ашады. Этноауыл бірнеше орынға бөлінеді: Орталық алаң, ұлттық ойындарға арналған балалар ойын алаңы, халық музыкасына арналған шатыр, ашық аспан астындағы көшпелі Өркениеттер мұражайы, спорттық іс-шаралар, ұлттық тағамдар, басты сахна, аймақтардың этно-қоныстары, қолөнершілер және шығыс базары бар арнайы қала. Сондай-ақ этноауыл аумағында көптеген кәдесыйлар табуға болатын шығыс базары ұйымдастырылады. Еліміздің екі жүзден астам қолөнершілері өз өнімдерін ұсынады.