Қазақ елі – ықылым замандардан бері еркіндік пен елдік үшін күрескен халық. Ұлы дала төсінде ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен мемлекеттігін қалыптастырған, хандар мен билердің шешімімен тағдыр таразысын тең ұстаған жұрт. Елдің іргесі сөгіліп, жұрттың берекесі кеткен тарғыл тағдырлы жылдарда да ұлттың санасынан егемендік ұғымы өшкен емес. Күллі ғұмырын «ұлтымның қамы үшін» деп өткізген бабалардың бозала таңда боз биенің сүтін сапырып, босағасына іргетас еткен ұлы арманы – еркіндік еді. Осы ұлы арман – ғасырлар бойы шерменде көңілдің сергелдеңі, атан нардай зары болып келіп, ХХ ғасырдың соңында шындыққа айналды. 1991 жылдың желтоқсанында тәуелсіздігін жариялаған қазақ жұрты үшін 1995 жылдың 30 тамызындазаң жүзінде азаттығын айғақтайтын, мәртебесін айшықтайтын құжаты қабылданды. Бұл күн – ел болмысының тамырына қан жүгіртіп, келешекке көз тігуге мүмкіндік берген ұлы меженің бастауы еді.
Ата заң – бұл жай ғана баптар мен тармақтар тізбегі емес, бұл – ұлттың сан ғасырлық тілегі мен еңселді елді аңсаған жүрегінен хабар беріп, тағдырына мөр басқан қасиетті құжат. Оның әр жолында елдің үні, халықтың тілі, ата-бабаның аманаты бар.Кешегінің күңгірт көлеңкесін, қара түнегін қақ жарып шыққан, азаттық таңымен нұрланған жаңа дәуірдің алтын кілті. Әлмисақтан бері әділдікті ту еткен қазақтың табиғатына, билер сөзіне, қара қылды қақ жарған шешендеріне тұғыр болған дала заңдарының заңды жалғасы. Тәуке ханның «Жеті жарғысы», Қасым ханның «Қасқа жолы», Есім ханның «Ескі жолы» – бәрі де осы бір қасиетті құжаттың тамырына қан жүгірткен, қайнары болған тарихи негіз. Сондықтан да, бұл заң – заманның заңы ғана емес, бабалардың аманатын арқалаған, ата-баба өсиетін ұрпаққа мирас етіп жеткізген ғаламат жәдігер. Бұл – қай кезде де қараша халыққа қорған болған, ел ішінде әділет пен ынсаптың дәнін сепкен рухани заңғар. Ол ел ішінің ынтымағын, бірлігін бекемдейтін киелі құндылық, елдің ертеңіне көз тіккен кемел құжат.
Биыл – ел тағдырын айқындаған, елдік негізді бекемдеген сол Ата заңымызға 30 жыл! Бұл – бір адамның ғана емес, тұтас бір ұлттың ғұмырымен пара-пар уақыт. Отыз жыл ішінде еліміз сан түрлі сындардан өтті. Қара бұлт торлаған тоқсаныншы жылдардың тар жол, тайғақ кешуінен бастап, XXI ғасырдың жаһандық дүрбелеңдеріне дейін, еліміздің еңсесі тіктеліп, іргесі бекіді. Отыз жылда Ата заңымыз – кемелденген қоғамның темірқазығына, түрлі реформалардың бастауы мен бағдарына айналды. Осы отыз жылда еліміз сан салада толайым табысқа жетіп, халықаралық аренада беделіміз биіктеп, айымыз оңынан туды. Оның арқасында ел ішінде заң үстемдігі орнап, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары нақты айқындалып, халықтың мемлекетке деген сенімі нығая түсті. Бұл – тарихтың тезінен өткен, замана сынынан сүрінбей шыққан Конституцияның өміршеңдігі мен тұғырлылығының айғағы.
Мемлекетіміздің негізгі Заңы тоғыз тарау, тоқсан тоғыз баптан тұрады. Әр бөлім – өз алдына тұғырлы тақырып, ел тіршілігін бейнелейтін шежіре. «Жалпы ережелер» бөлімінде мемлекеттіліктің негізі, саяси жүйе мен билік тармақтарының бөлінуі айқындалады. «Адам және азамат» тарауы – адамды ең жоғары құндылық ретінде белгілейді. Бұл бөлімде адамның өмірі мен бостандығы, ар-намысы мен қадір-қасиеті, құқықтары мен мүліктік еркіндігі кеңінен қарастырылған. Мұнан соңғы «Президент», «Парламент», «Үкімет» бөлімдерінде мемлекеттік биліктің жоғары органдарының құқықтық мәртебесі, өкілеттігі мен міндеттері көрсетіледі. Ал «Конституциялық сот», «Соттар және әділет», «Прокуратура», «Адам құқықтары жөніндегі уәкіл» тараулары әділет пен заң үстемдігін қамтамасыз ету жолдарын айқындайды. «Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару» бөлімі азаматтардың ел ішіндегі басқаруға тікелей қатысуына жол ашады. Соңғы – «Қорытынды және өтпелі ережелер» тарауы – уақыт пен кеңістіктегі құқықтық сабақтастықтың алтын арқауы.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында еліміздің саяси, құқықтық және әлеуметтік жүйесінің негіздері терең әрі айқын баяндалады: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» .Бұл бапта көрсетілген төрт басты қағида еліміздің мемлекеттілік ұстанымдарын айқындап қана қоймай, әрбір азаматтың өміріне, құқықтары мен бостандықтарына деген құрмет пен қамқорлықты білдіреді.
Демократиялық мемлекет болу ұғымы тек құқықтар мен бостандықтардың кепілдігі ғана емес, сонымен қатар елдің әлеуметтік құрылымында азаматтардың еркін пікір білдіруі. Бұл жерде демократия тек заңмен емес, қоғамның санасымен және жүрегінде қалыптасады. Қазақстан Республикасы әрбір азаматына таңдау еркіндігі мен дауыс беру құқығын береді, ал бұл өз кезегінде ел өмірінің дамуына толықтай мүмкіндік береді.Зайырлы мемлекет қағидасы еліміздегі дін мен мемлекеттің арасындағы шекараны айқындайды. Бұл принцип қоғамның діни сенімдер мен көзқарастардың әртүрлілігін құрметтейді, бірақ сонымен бірге мемлекеттік басқару жүйесінің тек қана азаматтық, құқықтық және гуманистік құндылықтарға негізделуін талап етеді. Зайырлылық қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ете отырып, әр азаматтың діни сенім бостандығын толықтай сақтайды, бірақ діни идеологиялардың саяси жүйеге ықпал етуіне жол бермейді.
Құқықтық мемлекет дегеніміз — заңдардың үстемдігі, әділеттіліктің үстем болуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы. Мемлекет өзінің барлық органдары арқылы заңның әділ әрі тең қолданылуын қамтамасыз етуге ұмтылады. Конституцияның бұл қағидасы заң алдында барша азаматтардың теңдігін негізге алады, бұл мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасының реттегіші болып табылады. Әрбір адамның құқығы мен бостандығы заңмен қорғалып, оның заңды мүдделері мен мүдделеріне кепілдік беріледі.
Әлеуметтік мемлекет болу ұстанымы мемлекеттің халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік теңсіздіктерді жою, өмір сапасын жақсарту үшін қажетті барлық шараларды қабылдайтынын білдіреді. Мұнда әлеуметтік әділеттілік, қоғамдағы барлық азаматтың тең құқылығын қамтамасыз ету, жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламаларын дамыту маңызды орын алады. Әлеуметтік мемлекет болу принципі — әрбір азаматтың толыққанды өмір сүруін, қоғамның әлсіз топтарының қажеттіліктеріне жауап беруін қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы, осылайша, мемлекеттің құрылымдық және құқықтық негіздерін белгілей отырып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қадірін арттырып, адам өмірі мен оның еркіндігін ең қымбат қазына ретінде қорғайтын мемлекет құрылғанын баяндайды. Бұл мемлекет әрдайым өзінің азаматтарының еркіндігі мен әл-ауқаты үшін қызмет етеді, олардың құқықтарын қорғау мен дамыту мақсатында саясатын жүргізеді.
Адам – жаратылыстың ең асылы, ал оның құқықтары – сол асылдықтың айғағы. Бұл дүниеде адамның өмір сүруі ғана емес, оның еркін ойлауы, жүрек қалауымен тіршілік кешуі, өз қабілеті мен дарынын жүзеге асыруы – қасиетті құқық болып есептеледі. Қазақ халқы ерте заманнан-ақ «Құқық қорғалмаса – қиянат сөйлейді» деп, әділдікті ардың ісі санаған. Бүгінгі таңда бұл қағида Ата Заңымыздың өзегіне айналып, ел өмірінің заңдық темірқазығына айналды. Сол себептен болар, бұл заң адамның өмір сүруіне, еркіндігіне, ар-ожданы мен сөз бостандығына берілген заңдық кепіл. Бұл құжат – жай ғана баптар тізбегі емес, ол – мемлекет пен азаматтың арасындағы рухани келісім, заң мен ар арасындағы жарасымды үндестік.
Ата Заң адамныңар-ожданбостандығынакепілдікбереді. Бұл дегеніміз – әркімнің өз сенімі мен көзқарасынеркінұстануына, дінін, дүниетанымынашықбілдіруінемүмкіндік беру. Бұл – жүреккешындық, санаға тыныштықсыйлайтынмәртебеліқұқық. «Ой еркінболмаса – өмір тұман» дегентәмсілгесай, еркін ой мен еркінсөздіңкеңістігі – нағыздемократияныңбелгісі. Одан бөлек, сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндігі де Конституцияда ерекше орын алады. Бұл еркіндіктер – адамныңөзін-өзітануына, қоғамдағыорны мен мүмкіндігінайқындауынамүмкіндікбереді. «Құс қанатымен ұшар, адам ойыменжетер» дегендей, ой еркіндігіқанатқаққандағанақоғамбиіктейді, адам кемелденеді.
Соныменқатар, Ата Заң адамныңөмір сүру құқығын, жекебасыныңбостандығын, жекеөмірінеқолсұқпауқұқығын заң жүзінде қорғап отыр. Бұл – тек заңдықұстанымемес, бұл – адам баласыныңжаратылысынадегенсыйластықтыңкөрінісі. «Жанымарымның садағасы» депөскенұлттыңзаңындаадамныңар-намысы мен қадірібіріншіорынғашығуы – тарихисабақтастықтыңзаңды жалғасы.
Конституция – тек құқықтар мен міндеттердібаяндайтын құжат қанаемес, ол – қоғам мен мемлекетарасындағысенім мен сыйластықтыңтұғырнамасы. Ондабекітілген құқықтар – адамзаттыңғасырларбойыармандағанасылмұраттарыныңзаңдықтұғыры. Ал сол құқықтардыңқорғалуы – елдіңөркениеттілікдеңгейінайқындайтынбастыөлшем. «Заң бар жердезұлымжоқ» дегендей, Конституция бар жердеәділет бар, бейбітөмірбар, адам бақыты бар.
Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз еліміздің құқықтық негізі әрі мемлекеттік тұтастығын сақтау мен нығайтудағы басты құжат болып табылады. Бұл заң еліміздің даму бағытын айқындап, халқымыздың тарихи мұрасына, мәдениеті мен дәстүрлеріне негізделген құқықтық жүйенің қалыптасуына үлкен ықпал етті. Құқықтық мемлекеттің іргетасын қалаған Конституция халықтың құқығын қорғауды, әділеттілікті қамтамасыз етуді және қоғамдық келісімді нығайтуды көздейді. Тәуелсіздік жылдарында Ата заңымыз мемлекетіміздің ішкі саяси тұрақтылығын сақтап қана қоймай, сыртқы әлеммен тиімді байланыс орнатуға да жол ашты.
Конституцияның маңызды ерекшелігі – оның халықтың үміті мен армандарын, мақсат-мұраттарын заң жүзінде бейнелеуі. Бұл құжаттың қабылдануы еліміздің еркіндігі мен тәуелсіздігін паш етіп, халықтың өз тағдырын өз қолында ұстауға мүмкіндік береді. Әрбір өзгеріс, әрбір реформа Ата заңымыздың аясында жүзеге асырылып, елдің дамуына нақты негіз қалайды.
Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасының Конституциясы тек құқықтық құжат қана емес, ол мемлекеттің әлеуметтік, саяси және экономикалық дамуының бағдаршамы, халықтың еркіндігінің кепілі. Оның қағидаттары арқылы еліміз алдағы уақытта да өркениетті мемлекет ретінде биік белестерді бағындырып, өз азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғауға және дамуға ұмтылатындығы сөзсіз.
Уақыт көшінде ұлт тағдырына айналған Ата заң – ел мүддесінің мәңгілік шырағы. Ол – өткеннің өнегесін, бүгіннің бағыт-бағдарын, болашақтың биігін айқындайтын темірқазық. Конституцияны қадірлеу – тек заңды мойындау емес, елге деген сүйіспеншілікті, азаматтық жауапкершілікті жүрекпен сезіну. Себебі бұл құжат – әр жүректің арманын, әр буынның тілегін, әр ұрпақтың үмітін біріктірген рухани тұғыр. Биылғы отыз жыл – бұл тек уақыт өлшемі ғана емес, заң үстемдігі мен әділеттің, теңдік пен еркіндіктің салтанат құру кезеңі.Бүгінде ел дамуының алтын арқауына айналған Ата заң – бейбітшілік пен берекенің, әділет пен тұрақтылықтың айнасы. Ол – демократиялық қоғамның тірегі, әділеттілікке сілтер сара жолдың бастауы. Сондықтан Конституцияны құрметтеу – тәуелсіздіктің қадірін білу, азат елдің ұлы мұратын ұлықтау. Бұл ұлы заң барда – ел болашағы жарқын, келешегі кемел болмақ. Ата заңымыз – ар-намысымыздың айғағы, ұрпақ аманаты. Басқару жүйесін реттеп, халық пен биліктің арасын жалғаған, ел мен ердің жауапкершілігін таразылаған, мемлекет пен азаматтың қарым-қатынасын құқықтық негізде орнықтырған заңымыздың мәртебесі мәңгілік, тәуелсіздігіміздің тұғыры берік болғай!
Авторлар:Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, қазақ филологиясы мамандығының 1-курс студенттері:УАЛИХАН АҚМАРЖАН,ӨТЕБАЙ АҚЕРКЕ
Ғылыми Жетекші:ҚОЗЫБАҚОВА ФАТИМА АҚЫНБАЕВНА