Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 2 сәуірдегі № 261-IV «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Заңында мемлекеттік сот орындаушысы – мемлекеттік қызметтегі және атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шараларды қабылдау бойынша өзіне заңмен жүктелген функцияларды орындайтын лауазымды адам, ал жеке сот орындаушысы – атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі қызметпен айналысу құқығына уәкілетті орган берген лицензия (бұдан әрі – жеке сот орындаушысының лицензиясы) негізінде, заңды тұлға құрмай атқарушылық құжаттарды орындау бойынша жеке практикамен айналысатын Қазақстан Республикасының азаматы екені айқындалған.
Атқарушылық іс жүргізу – бұл борышкерден атқарушылық санкциясын атқарушылық іс жүргізу бойынша өсімпұлдарды, шығыстарды, жеке сот орындаушысының қызмет ақысын өндіріп ала отырып, атқарушылық құжаттарды мәжбүрлеп орындатуға бағытталған шаралар.
Атқарушылық iс жүргiзудің негізгі принциптеріне келетін болсақ, атқарушылық iс жүргiзу:заңдылық, атқарушылық іс-әрекеттерді жүргізу мен мәжбүрлеп орындату шараларын қолданудың уақтылы және айқын болуы, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу, борышкер мен оның отбасы мүшелерінің өмір сүруіне қажетті мүліктің ең аз мөлшеріне қол сұғылмаушылық, өндіріп алушы талаптарының көлемі мен мәжбүрлеп орындату шаралары арақатынасының салыстырмалылығы, өндіріп алынған сомалар кезектің барлық талаптарын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз болған кезде оларды бір кезектегі өндіріп алушылар арасында бөлудің барабарлығы, атқарушылық құжатты мәжбүрлеп орындату жөніндегі шығыстарды борышкердің есебінен өтеу, сот орындаушысының іс жүргізу әрекеттері мен қаулыларына сотқа шағымдануға еркіндік принциптері бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Қазақстан Республикасының атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заңнамасының қолданылу тәртібіне келетін болсақ,атқарушылық iс жүргiзу атқарушылық әрекеттердi жасау кезiнде қолданылып жүрген нормаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджетке төленетiн салық және өзге де мiндеттi төлемдердiң берешегiн, айыппұлдар төлеудi кешiктiргенi үшiн өсiмпұлдарды және Қазақстан Республикасының салық заңнамасын бұзғаны үшiн өзге де санкцияларды өндiрiп алу жөнiндегi атқарушылық iс жүргiзу осы Заңда белгiленген тәртiппен және Қазақстан Республикасының салық және кеден заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиян үшін белгіленген тәртіппен жауапты деп танылған таратылатын заңды тұлғаның мүлкі жоқ немесе жеткіліксіз болған жағдайда, осы зиянды өтеу жөніндегі тиісті мерзімдік төлемдерді капиталдандыру сомаларын мемлекеттен өндіріп алу жөніндегі атқарушылық іс жүргізу уәкілетті орган белгілеген қағидалар сақтала отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.Заңсыз соттау, қылмыстық жауаптылыққа заңсыз тарту, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға, үйқамаққа алуды, ешқайда кетпеу туралы қолхат беруді заңсыз қолдану, қамаққа алу немесе түзеу жұмыстары түрінде әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымға немесе өзге де медициналық ұйымға заңсыз орналастыру, кейіннен сот тәртібімен заңсыз деп танылған жасырын тергеу әрекеттерін жүргізу салдарынан келтірілген зиянды өтеу бойынша сот актілерін мемлекеттік бюджет есебінен орындау бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.Шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік ұйымдарға қатысты соттың және өзге де органдардың актілерін орындау осы Заңға сәйкес жүргізіледі.Қазақстан Республикасының аумағында басқа мемлекеттердiң атқарушылық құжаттары бойынша атқарушылық iс жүргiзу, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардан өзгеше жағдай туындамаса, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Атқарушылық іс жүргізу барысында сот орындаушысы атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнiнде келесідей шаралар қабылдауға мiндеттi:
1) борышкердiң өзiндегi не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы (банктердi және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарды, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарын қоспағанда) ақшасы мен бағалы қағаздарын қоса алғанда, мүлкiне тыйым салу;
1-1) борышкердiң банктердегi, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы ақшасы мен мүлкiне тыйым салу;
2) борышкердiң өзiндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымалы мүлкін алып қою;
2-1) борышкердiң өзiндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымайтын мүлкiн алып қою;
3) борышкерге белгілі бір іс-әрекеттер жасауға тыйым салу, оның ішінде заңды тұлға органдарына шешімдер қабылдауға тыйым салу, сол сияқты заңды тұлғаның жылжымалы және жылжымайтын мүлкін, мүліктік және мүліктік емес құқықтарын, бағалы қағаздарын және жарғылық капитал мен мүліктегі үлестерін иеліктен шығару жөнінде қабылданған шешімдердің қолданылуын тоқтата тұру;
4) борышкердiң оған меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi мүлiктi, оның iшiнде ақшаны пайдалануына тыйым салу не оларды сот атқарушысы белгiлеген шекте пайдалануға нұсқау беру;
5) борышкер мүлкiне сүргi салу;
6) құқық белгiлейтiн құжаттарды алып қою;
7) басқа адамдардың борышкерге мүлiк, оның iшiнде ақша беруiне немесе оған қатысты өзге де іс-әрекеттерді орындауына тыйым салу.
Қажет болған жағдайларда орындауды қамтамасыз етудiң бiрнеше түрi қолданылуы мүмкiн.
Қамтамасыз етудiң бiр түрiн басқасымен ауыстыру туралы мәселенi сот орындаушысы атқарушылық iс жүргiзу тараптарының арызы бойынша немесе өз бастамасы бойынша қарайды. Қамтамасызетудiңбiртүрiнбасқасыменауыстырутуралымәселенiқараубұрынбелгiленгенқамтамасызетушараларыныңқолданылуынтоқтататұрмайды.
Атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұру, кейінге қалдыру немесе мерзімін ұзарту атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде бұрын белгіленген шаралардың күшін жоюға әкеп соқпайды.
Сот орындаушысы борышкердiң банктердегi, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы ақшасы мен мүлкiне тыйым салу, борышкердiң өзiндегі не өзге де жеке немесе заңды тұлғалардағы жылжымайтын мүлкiн алып қоюжәне құқық белгiлейтiн құжаттарды алып қоюбойынша атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды Қазақстан Республикасының азаматтық процестік заңнамасында белгіленген тәртіппен алынатын санкциямен қолданады.Бұл көрсетілгеншаралардысанкциялауды прокурор жүзегеасырады.
Оңайлатылған іс жүргізу шеңберінде борышкердiң банктердегi, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарындағы ақшасы мен мүлкiне тыйым салу бойынша атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдау санкциясыз жүзеге асырылады.
Шымкент қаласының Әділет департаментінің
«Атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімі»
филиалының мемлекеттік сот орындаушысы
Нұрсұлтан Айварұлы Айдаров