Шымкентте биыл ауылшаруашылық саласында 16,3 млрд теңгені құрайтын 28 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Жоба жүзеге асырылса 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылады, - деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл жөнінде ауылшаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А. Қаныбеков жыл басынан атқарылған жұмысы жөніндегі есебінде баяндады.
Басқарма басшысының сөзінше, қалада биыл 14,6 мың тонна ет, 47,4 мың тонна сүт, 165 млн. дана жұмыртқа өндіру жоспарланып отыр. Ал өсімдік шаруашылығы өнімдерін 71,7 мың тоннаға жеткізу көзделген. Оның ішінде бидай, арпа, жүгері, көкөніс, бақша, картоп, жемістер бар.
Қала өсімдік шаруашылығын дамыту мақсатында осы жылы аумағы 18 гектар жылыжай кешенін құру, 241 гектарға алма бауын егу бойынша 3 жоба іске асырылады. Сонымен бірге 1 700 бас ірі қара мал бордақылайтын 10 жоба мен өзге де өндіріс өндіріс орындары ашылады.
Нәтижесінде, жалпы өнімнің көлемі 37 млрд. теңгені құрап, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 3 млн теңгеге жетеді деп болжанып отыр.