БҰҰ ЕЛДІК ТОБЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

БҰҰ ЕЛДІК ТОБЫ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінде оқушылардың Y-PEER еріктілер клубы жұмыс істейді. БҰҰ елдік тобының қолдауымен ашылып, жұмысын бастаған еріктілер қозғалысына қаладағы басқа да мемлекеттік және жекеменшік мектептің оқушылары қатысып, белсенділік танытып келеді. Олар әр сенбі сайын кездесіп, өздерінің жобалары, түрлі әлеуметтік мәселелерді талқылайды.

БҰҰ-ның Қазақстандағы өкілдері стратегиялық мақсатта мектеп оқушыларымен кездесуі өткізді. Іс-шарада БҰҰ елдік тобының өкілдері мектеп өмірімен және клубтың жұмысымен танысты. БҰҰ-ның тұрақты даму мәселелерін талқыға салды.

Шымкент қаласында алғаш рет өткен іс-шара БҰҰ-мен стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуды көздейді.

Айта кетсек, БҰҰ елдік тобы Шымкент қаласында басқосу өткізіп, Ынтымақтастықтың негіздемелік бағдарламасы 2026–2030 жаңа кезеңінің ортақ басымдықтарын талқылаған болатын.

Іс-шарада ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаментінің директоры Дидар Теменов Қазақстанның ұлттық басымдықтарын, цифрландыру мен жасанды интеллекттің рөлін, азық-түлік қауіпсіздігін және Алматыда құрылған БҰҰ өңірлік орталығының маңызын атап өтті. Бұл басқосу Қазақстан халқы үшін инклюзивті және орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған үйлесімді жұмысты нығайтады.

«Шымкент келбеті»