Қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс нысандарын аралау барысында Бадам өзеніне ат басын тіреді, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бадам өзенін абаттандыру мұнай өңдеу зауытынан Забадам шағын ауданына дейін кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр.
Бірінші кезеңде 3 шақырым, екінші кезеңде 6,2 шақырым аумақ абаттандырылады. Өзен аумағына асфальт төселіп, су тасыған кезде бүлінген жерлер қайта қалпына келтіріледі.
Бас мердігер - «СтройСервис-7» ЖШС.
Қала әкімі барлық жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтауды тапсырды. Одан әрі күтіп-баптауға қаржы бөлу мәселесі келер жылдың бюджеттік өтініміне мәслихат қарауына ұсынылатын болады.