​БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ

​БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ БӘЙТЕРЕГІ

Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасына қарасты «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында өтетін жазушы Б.Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай өтетін

«Балалар әдебиетінің бәйтерегі»

тақырыбындағы халықаралық

ғылыми-көпшілік конференциясы өтті.

Халықаралық ғылыми-көпшілік конференция Шымкент қаласының әкімінің орынбасары Сәрсен Абайұлы және шетелдік және елімізге белгілі ғалымдар мен профессорлар қатысты. Б.Соқпақбаевтың шығармаларын зерттеп жүрген ғалымдар жазушыға қатысты тың деректермен бөлісті.

Әдеби кеште ақын, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Жазушылар Одағы Астана қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы қазақ әдебиетінің алтын дәуірінің көрнекті өкілі, бабалар әдебиетін биік деңгейге көтерген Бердібек Соқпақбаев шығармашылығындағы шынайылықты, әділдікті, ерекше талантпен үйлесім тапқан көркемдікті атап өтті. Сондай-ақ қаламгердің қоғам келбетін айнытпай суреттеп, оған бала жүрегі арқылы баға беретін шеберлігін айтты.

- Ол уақытта әдеби көркем шығармалар, кинотуындылар қатаң цензурадан өтетін. Қоғамдағы ақиқатты ашық айтуға жол берілмейтін. Ал, жазушы Б.Соқпақбаев өз шығармаларында осындай өзекті жайттарды балалар болмысына сыйдырып, жеп-жеңіл жеткізетін. Мысалы, оның «Менің атым – Қожа» повесіндегі басты кейіпкер Қожаның бір сөзінде «Фамилиям Қадыров, кейде Қадырұлы деп жазғым келеді. Бірақ қасымдағылардың бәрі сондай болған соң Қадыров деп жазамын» дейтіні бар. Аңдаған адамға осы бірауыз сөздің өзінде терең ой жатыр,-деді Дәулеткерей Кәпұлы.

Сан қырлы талант иесін ерте есейткен ауырлау балалық шағы, тартысты тағдыры, соқтықпалы, соқпақты шығармашылық жолы Б.Соқпақбаевтың өзі өмір сүрген қоғамда таланты, еңбегі лайықты бағаланбаған. Шығармашылығы жеңістер мен жеңілістерден тұрды. Ал, оның бір себебі, жазушының қоғамдағы қайшылықтарды бүкпесіз айтып, батыл сынайтын турашыл мінезі болатын.

Республикалық «Бір ел – бір кітап» жобасы аясында жазушы Б. Соқпақбаевтың шығармалары алдағы уақытта ел көлемінде насихатталмақ. Әлемдік және отандық ғалымдардың басын қосып «Балалар әлемінің бәйтерегі» атанған қаламгердің әңгімелері мен повестері білім ордаларында, мәдени орталықтарда кеңінен қамтылмақ. Бұл туралы «Әл-Фараби» атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасының директоры Анар Жаппарқұлова айтты.

- Биыл Әл-Фараби кітапханасының құрылғанына 10 жыл, сонымен бірге, қазақ әдебиетінде айшықты қолтаңбасы бар дара қаламгердің бірі – Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Жазушының шығармаларын оқығанда бала кезіміз еске түсіп, еріксіз ойға жетелейді. Қай шығармасы болсын, басты кейіпкер жазушының өзі. Мысалы, «Менің атым – Қожа» повесі алғашында «Өзім туралы повесть» деп аталған. Қай шығармасын алсақта шынайылық пен көркемділікті ту етіп жазған Соқпақпаевтың шығармаларын талдауға тек бір күн жетпейді. Келелсі жиынды Алматы қаласында өткізу жоспарлануда,-дейді А.Жаппарқұлова.

Конференцияның екінші бөлімінде Шымкент қалалық жасөспірімдер және қуыршақ театры жазушының шоқтығы биік шығармасы «Менің атым – Қожа» повесін сахналады. Көрерменнің көзаймына айналған Қожа, театр әртістерінің көзқарасымен, режиссерлық шешімнің жоғары деңгейде болуымен тағы да жаңғыра түсті.

Шымкент келбеті