Отбасылық кітапханада «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында жазушы Бердібек Соқпақбаевтың – 100 жылдық мерейтойына орай «Балалар әдебиетінің қазынасы» атты оқырман конференциясы өткізілді.
Оқырман конференциясының мақсаты қалың оқырманға қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын дамыту.
Жиынға фантаст жазушы Исақ Сарманбай, Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының директорының орынбасары Айтбай Кенжебай, сазгер Айзада Бекенқызы, Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының актёры, талантты әнші Абылайхан Болатұлы, Шымкент қалалық әзіл- сықақ және сатира театрының талантты актрисасы, белгілі әнші Мөлдір Мұратбекова және мұғалімдер мен кітапханашылар, оқушылар қатысты.
Конференцияда жазушының шығармалары талқыланып, «Бердібек Соқпақбаев – қазақтың дара жазушысы», «Бердібек Соқпақбаев – балалар әдебиетінің атасы тақырыбы бойынша баяндамалар оқылды. Конференцияға келген 60 оқырманға «Менің атым - Қожа» шығармасы бойынша көріністер көрсетіліп, Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының әртістері де өз өнерлерін көрсетті.Конференцияның соңы «Әдебиетке балалықты әкелген...» атты пікір алмасуға жалғасты.
«Шымкент келбеті»