Бастау Бизнес: Кәсіп түбі – нәсіп

Бастау Бизнес: Кәсіп түбі – нәсіп

Шымкенттік Асқар Амантай шағын цех ашып, жинамалы (трансформер) үстел жасауды қолға алған. Ол кәсіпкерлігін осылай дамыту үшін «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы «Бастау бизнес» гранты арқылы жүзеге асырып отыр, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде алған қаражатына лазерлік кесу құрылғысын сатып алып, метал емес заттарға әртүрлі пішінде ою салып, нарыққа шығарады. Бүгінде бұл өнімдердің негізгі тұтынушысы қолөнер, тігін, жарнама, жиһаз саласының мамандары және гүл дүкендері.

Шағын цех таяуда жаңа жиналмалы жер үстел өнімімен толықты. Оюмен өрнектеліп жасалған мұндай жихаз ыңғайлы пішінімен тұтынушылардың көңілінен шығып отыр.

Ол заманауи заттар мен бірге ұлттық құндылықты насихаттайтын, өскелең ұрпаққа өз тегінен дерек беретін шежіре тақтайшасын да жасайды. Кәсіпкердің сөзінше әр қазақтың төрінде қазақтың төрінде шежіре ілінсе, балалар бабаларын ұлықтап, жеті атасын біліп, жеті жұрттың қамын жеп өседі.

Бүгінде 5 адамды жұмыспен қамтып отырған жас маман алдағы уақытта кәсібін әрмен қарай дамытып, трансформер жиһаздардың түрлерін көбейтуді жоспарлап отыр.