Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділеройындарына санаулы күн қалды. Бұл ойындарда бірнешеелден келген спортшылар ұлттық ойынымызтоғызқұмалақтан бөлек, түріктің мангала, Батыс Африка елдерінің овари атты зияткерлік ойындарынан өзарамықтыны анықтайды. Тоғызқұмалақтан ұлттық құрама бас бапкері Айнұр Әбсадыққызы ел намысын қорғайтынспортшылардың овариден алтын медаль алуға қауқарлыекенін айтты.
«Овари ойыны Қазақстанда қатты дамымаса да, халықаралық жарыстарда спортшыларымыз жақсы өнер көрсетіп жүр. 2006 жылғы Лондон зияткерлік ойындар олимпиадасында, Канн фестивалінде жүлде алды. Қазақстан құрамасы 2018 жылы Қырғызстанда өткен IIІ Дүниежүзіліккөшпенділер ойындарында овариден жарқын жеңіске жетті. Оовариден ұлттық құраманың үздік спортшылары ел намысын қорғап, екі алтын медаль жеңіп алды. Әсел Далиева мен Диана Кенина командалық есепте алтын медаль алса, әйелдер арасында жекелей есепте Әсел Далиева алтын жүлдеге ие болды», – деді тоғызқұмалақтанұлттық құраманың бас бапкері Айнұр Әбсадыққызы.
2024 жылғы 5-6 наурызда Қызылорда қаласында овариден тұңғыш рет ерлер және әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Чемпионатқа 27 спортшықатысқан. Осы чемпионат қорытындысы бойынша V Дүниежүзілік қөшпенділер ойындарында овариден ел намысын қорғайтын спортшылар анықталды. Олар – тоғызқұмалақтан ҚР еңбегі сіңген спорт шебері СерікАқтаев, халықаралық дәрежедегі спорт шебері ЕрнұрМерешев, тоғызқұмалақтан ҚР еңбегі сіңген спорт шеберіӘсел Далиева және тоғызқұмалақтан халықаралықдәрежедегі спорт шебері Аңсаған Қожанәсіп.
Бас бапкер Айнұр Әбсадыққызы Африка елдері, Антигуа-Барбуда және Қырғыз Республикасыныңспортшыларын овариден басты қарсыластарымыз депесептейді. Ұлттық құрама спортшылар playok.com платформасында онлайн дайындалып жатыр, депхабарлайды «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының» баспасөз қызметі.
Овари – Батыс Африка халықтарының зияткерлікойыны. Оны екі адам ойнайды. Ойын тақтасында екіқатарда орналасқан алты бірдей шұңқырша болады, оларбірге 12 кішкентай шұңқыршаларды құрайды, соныменқатар, ойыншыларда тастарды жинайтын үлкенжинақтаушы сақтау шұңқыршалар болады. Овари ойыны 48 шармен ойналады.
Тақтаның өз жағындағы алты кішкентай шұңқыршаойыншының алаңы, ал қарама-қарсы алты шұңқыршасәйкесінше қарсыластың алаңы болады. Ойыншылар өз қоймасында мүмкіндігінше көп шар жинауға тырысады. Кімкөп шар жинаса, сол ойыншы жеңіске жетеді.
Ұлы Дала дүбірі
5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
Астана, 8-13 қыркүйек