Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаңда өзбек боксшысын жеңді

Бекзат Нұрдәулетов шаршы алаңда өзбек боксшысын жеңді

Қазақстандық боксшы Бекзат Нұрдулетов Ресейде өтіп жатқан турнирде өзбек спортшысы Дилшод Рузметовты жеңді, деп хабарлайды Shymkentaqparat

«Санкт-Петербург губернаторының кубогі-2021» халықаралық турнирі әлі жалғасуда. Б.Нұрдәулетов 81 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалдық жекпе-жекте қазақ боксшысының жеңісімен аяқталған.

Айта кетсек, екі боксшы бұған дейін 2019 жылы Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен Әлем кубогының финалында кездескен. Сол кездегі жекпе-жекте Б.Нұрдәулетов Рузметовты төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңіп, «Алтын медальді» қол жеткізді.