Мемлекет басшысының Жарлықтарымен бірнеше мемлекетте Қазақстанның Төтенше және Өкілетті Елшісі тағайындалды, - деп хабарлайды Shymkentaqparat тілшісі Ақордаға сілтеме жасап
Рәпіл Сейітханұлы Жошыбаев Қазақстан Республикасының Қырғызстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі болған.
Марғұлан Бақытұлы Баймұхан ҚР-ның Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына және Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы қызметіне тағайындалды.
Сонымен бірге енді Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін Нұрлан Әділұлы Жалғасбаев атқарады.