Бүгін - Халықаралық медбикелер күні

Бүгін - Халықаралық медбикелер күні

Бұл күнді халықаралық деңгейде атап өту бастамасы 1953 жылы көтерілген. Кейіннен араға 12 жыл салып Халықаралық медбикелер күні ресми түрде аталып өтетін болған, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Халықаралық медбикелер күніне 150 жылдан астам уақыт толса да, оны атап өту шарасы алғаш рет 1953 жылы басталған. 1965 жылдың қаңтар айында ғана бұл күн ресми түрде тіркеліп, дүниежүзілік мәртебеге ие болды. Бұл күні әлемнің 141 мемлекетінің медбикелері бас қосып, Халықаралық медбикелер кеңесінің (International Council of Nurses) негізін қалаған болатын. Медбикелер кеңесі 1974 жылы Халықаралық медбикелер күнін 12 мамырда, яғни қайырымдылық қызметтің қазығын қаққан Флоренс Найтингейл туған күнінде атап өту керек деген шешімге келді. Содан бері әр жылдың 12 мамырында дүниежүзі бойынша Халықаралық медбикелер күні атап өтіледі.

Медбикелер мерекесі қарсаңында әр 2 жыл сайын Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қозғалысы ең үздік 50 медбикеге Флоренс Найтингейл атындағы медальдарды тапсырады.