​ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ ҒАСЫР МҰРАСЫ

​ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ ҒАСЫР МҰРАСЫ

иыл Қазақстанның кәсіби сурет өнерінің шебері, дарынды суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толды. Қылқалам шеберінің қолтаңбасы бар үш мыңнан астам түрлі жанрдағы картинасы, қазақ көркемсурет өнерінің баға жетпес қазынасына айналған. Өз заманында ғана емес, ғасырлар өтсе де оның туындылаы ешқашан өз көркемдігін, маңыздылығын жоғалтқан емес. Кейінгі ұрпаққа Қастиевтің шығармашылығын үлгі ету мақсатында дәстүрлі түрде жастар арасында түрлі байқаулар ұйымдастырылады. Соның бірі, А.Пушкин атындағы қалалық әмбебап кітапханасында өтті.

Байқауға ҚР суретшілер одағының мүшелері, танымал және әуесқой суретшілер, ЖОО -дары мен колледж оқытушылары, студенттер мен оқушылар қатысуда. Жалпы, 100 ден аса үміткер бақ сынамақ. Олар түрлі жанрда сыр шертіп, қаламға жан бітірген. Туындылардың басым көпшілігі ұлттық дәстүрді насихаттайтын дүниелер.

Әбілхан Қастиевтің туғанына 120 толуына орай ұйымдастырылған байқаудың қорытындысы алдағы уақытта белгелі болмақ. Ал, қазіргі уақытта суретшілерге арналған шеберлік сағаты өтуде.

Шымкент келбеті