Биыл 15 елді мекенге оптика желісі тартылады

Биыл 15 елді мекенге оптика желісі тартылады

Шымкент қаласында өткен жылы шалғай орналасқан 10 елді мекенге жоғары жылдамдықтағы интернет жүйесіне қосылды. Олар: Ақжайық, Достық, Асар, Сәуле, Шұғыла, Көкбұлақ, Тассай, Нұртас, Таскен, Пахтакор шағынаудандары.

Биыл цифрландыру басқармасы тағы 15 елді мекенгесапалы интернет тартуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Забадам, Самал-3, Құрсай, Қазығұрт және Қарабастау елді мекендеріне толықтай талшықты оптика желісі жүргізіліп жатыр.

Осы жылдың соңына дейін Солтүстік-Батыс, Ақниет, Қызылжар, Асар-2, Ынтымақ, Жайлау, Қарасу, Мирас,Мартөбе, Қайнарбұлақ саяжай аумағы оптика желісі жүргізіліп, 165 000 - нан аса тұрғынжоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылуға мүмкіндік алады.