Биылғы ҰБТ-ның басты ерекшеліктері мен өзгерістері туралы қалалық Білім басқармасының басшысы Жанат Тәжиева айтты, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жанат Арысбекқызының айтуынша, 2020-2021 оқу жылында 11-сыныпты 9 342 оқушы бітіргелі отыр. Оның ішінде: 6 621 оқушы – қазақ тілінде; 1 789 оқушы – орыс тілінде; 932 оқушы өзбек тілінде білім алады.
– 2021 жылғы 20-30 қаңтар аралығындағы ҰБТ қалауы бойынша ЖОО-ға ақылы негізде оқуға қабылдану үшін орта білім беру ұйымдарының бітіруші 11 сынып оқушыларына өткізілді. ҰБТ 3 жоғары оқу орындарының (М.Әуезов атындағы ОҚУ, ОҚМПУ, «Silkway» университеттері) базасында 11 лекте өтеді. Қатысқан оқушы саны – 6 352, - деді Ж.Тәжиева.
Басқарма басшысы биылғы ҰБТ-ның басты ерекшеліктеріне де тоқталды. Бұл ретте бірінші маңызды өзгеріс - міндетті және бейіндік пәндер бойынша тапсырмалар санының өзгерген. Қазақстан тарихы мен математикалық сауаттылық бойынша тапсырмалар саны қысқартылды. Міндетті пәндер: Қазақстан тарихы – 15 тапсырма; Оқу сауаттылығы – 20 тапсырма; Математикалық сауаттылық – 15 тапсырма. ҰБТ-ның бейіндік пәндері бойынша тест тапсырмаларының саны артқан: 1-бейіндік пән – 35 тапсырма және 2-бейіндік пән – 35 тапсырма. Жалпы балл - (140 балл) өзгеріссіз қалады.
Екінші маңызды өзгеріс - бейіндік пәндерге контекст негізіндегі тест тапсырмаларының қосылуы. Сонымен қатар, оқушы тестілеу тапсыру күнін өзі таңдайды және тест аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға өтініш беру мүмкіндігі болады.
– Енгізілген өзгерістерге сәйкес ҰБТ 2021 жылы 1 наурыз бен 30 маусым аралығында компьютерлік форматта өткізілмек. Компьютерлік форматтағы ҰБТ – әрбір тестіленуші үшін дербес компьютерді пайдалану арқылы жүргізілетін тестілеу, яғни бір компьютер – бір камера принципі бойынша өтеді. 11-сынып білім алушылары жылына 3 ретке дейін (1 рет ақысыз, 2 рет ақылы) тестілеуге қатысуға мүмкіндіктері бар. Тестілеу аралығының алшақтығы 15 күннен кем емес болуы тиіс, – деді басқарма басшысы.
ҰБТ-ның ең жоғары нәтижесімен білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндіктері болады. 8-10 ақпан аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ұйымдастыруымен Шымкент қаласындағы «U-Study» Республикалық тестілеу орталығында электрондық форматтағы ҰБТ-ның тестілеу өткізу бағдарламасына апробация өткізілді. Апробацияға Шымкент қаласынан 32 мектептен 160 оқушы қатыстырылды. Айта кету керек, ҰБТ 2004 жылдан бастап сұрақ кітапшасы мен жауап парағын пайдалану арқылы өткізіліп келеді. 2017 жылы қолданыстағы ҰБТ форматына өзгеріс енгізіліп, екі кезеңге бөлінді. Олар: оқушыларды қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орындарына түсу емтихандары. 2019 жылда