2021 жылы 750 базалық станса жаңадан салынып, 550 станса жаңартылады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді.
- Талшықты оптика сымдары бойынша 1250 ауылдық мекенге интернет жеткізілді. 928 ауылға мобильді интернет тартылды. Жалпы алғанда, 5300 ауылды мекенде интернет бар деуге болады. Бірақ олардың ішінде әлі 510 ауылда мәселе бар. Мәселе дегеніміз, тек WhatsApp арқылы хабарлама алмасып, жаңалықтар оқуға ғана жарамды интернет тартылған. YouTube сияқты ресрустарды падалануға сай емес. Сондықтан біз осы 510 ауылды мекенді осы жылы қолға алып, басқа сатыға көтереміз, - деді ведомство басшысы.
Бағдат Мусин бұған дейін халқының саны неғұрлым көп ауылдардың интернетпен қамтылуына көп көңіл бөлінген болса, енді шағын ауылдарға да тиісті инфрақұрылым тартылатынын айтты.
- 286 ауылдағы байланыс 3G, 4G стандарттарына ауыстырылады. 51 ауылды мекенде интернет желісі спутниктік трансмиссиядан жердегі оптикалық инфрақұрылымға айырбасаталады. Тұрғын саны 250 адамнан аспайтын 292 ауылға интернет жеткізіледі, - деді министр.