Қаратау ауданына қарасты Қайнарбұлақ тұрғын алабында 8 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Екі мектеп, үш балабақша, амбулатория мен мәдениет үйі жергілікті халық игілігіне қызмет етеді. Аумаққа инфрақұрылым жүйелерін кіргізу үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда,
Электр жарығы – бүгінде 100 пайыз жекеменшік жарықпен қамтылған. Мемлекеттік бағаналар орнату жұмыстары өткен жылы басталған. Осы жылдың соңына дейін толық мемлекеттік сапалы электр жарығына қосылатын болады.
Ауыз су – тұрғындар ауыз суды жекеменшік жүйеде тұтынады. Мемлекеттік ауыз су кіргізу үшін өткен жылы ЖСҚ әзірленіп, сараптамадан өтті. Биыл құрылыс жұмыстары басталып, 2023 жылы аяқталады.
Табиғи газ – тұрғын алап табиғи газбен қамтылмаған. Өткен жылы ЖСҚ әзірленді. Мемлекеттік сараптамадан наурыз айында қорытындысы алынады. Биыл құрылыс жұмыстары басталып, 2023 жылы аяқталады.
Жол – мұндағы 83 көшенің 18-і асфальтталған, 35-і тас жол, 20-ы топырақ жол. 2021 жылы 20 шақырым топырақ жолға шағал тас төселді, 2022 жылы 15 шақырымға шағал тас төселеді. Асфальттау жұмыстары 2023 жылы жаңақұрылыс аумағында инфрақұрылым жүйелері аяқталған соң қолға алынбақ.