Шымкентте биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4832 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған, -деп хабарлайды Shymkentaqparat
Жалпы аумағы 287,1 мың шаршы метр құрайтын 79 көпқабатты үйдің 768 пәтері- арендалық, 4064 пәтері- кредиттік үйлер.
Құрылыс басқармасы басшысының айтуынша, жалпы бөлінген қаржы – 25,6 млрд теңге. Биыл 39 үй пайдалануға беріледі (2432 пәтер, 141 мың шаршы метр). Яғни, кредиттік 33 үй, арендалық 6 үй пайдалануға тапсырылады. 3 айдың қорытындысы бойынша 2,9 млрд теңге қаржы игерілді.
Тұрғын үй құрылыс жұмыстары Тұран шағынауданы мен Әкімшілік-іскерлік орталығында жүргізілуде. Тұран шағынауданында 2021 жылы 61 тұрғын үйдің (3848 пәтер) құрылысы атқарылады.