​БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

​БОКСТАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТУДЕ

Шымкентте Кеңес одағының батыры Қарақозы Әбдалиевті еске алуға арналған бокстан ересектер арасындағы 43-ші халықаралық турнир басталды. Бүгін дәстүрлі сайыстың салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Биылғы бокс додасында Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия, Украина, Тәжікстан, ҚР ұлттық құрамасы, еліміздің өңірлерінен, жалпы 200-ге жуық спортшы бақ сынауда.

Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Қуаныш Асылов, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, ҚР бокс федерациясының вице-президенті Дархан Қызайбаев турнирдің ашылу рәсімінде спортшыларға сәттілік тілеп, іс-шараның маңызы зор екенін атап өтті. Биылғы бәсеке ұлттық құраманың спортшыларын алдағы жауапты сындарға іріктеу болмақ.

Айта кетсек, дәстүрлі турнир 1979 жылы басталған. Содан бері көптеген Олимпиада және әлем чемпиондары аталған сайыста тәжірибе жинады.

Былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жектері 4 қазанға дейін жалғасады.

«Шымкент келбеті»