«Болашақ» білім беру бағдарламасының аясы кеңейді. Тізімге тағы 4 ел қосылды. Олардың қатарында Австрия, Чехия, Ирландия және Оңтүстік Африка және Гонконг (Қытай) бар. Енді оқу-білімге құштар қазақстандық жастар аталған бағдарлама бойынша 27 елде тегін оқи алады, деп хабарлайды Shymkentaqparat
Биыл бағдарламаға өтінім қабылдау 4 мамыр мен 27 қазан аралығында жүргізіледі. Қазірдің өзінде 158 өтініш келіп түскен. Тиісінше талапкерлерге де жыл сайын іріктеу талаптары да күшейтіліп отыр. Стипендияларды тағайындау жүйесіне де өзгерістер енгізілуде. Ол үш кезеңнен тұрады. Осылайша, маусым айында 90 стипендия, тамызда – 170 стипендия және қарашада – 125 стипендия бөлінеді.
Айта кетейік, 2021 жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға 1 055 стипендия бөлінді. Оның 555-і магистратура, резидентура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша бөлінеді. Тағы 500 стипендияны отандық ғалымдар алады.
Айта кетейік, талап бойынша тізімге енген ЖОО-дар халықаралық академиялық рейтингке кіреді.