​Болгарияда өткен турнирде шымкенттік гимнастшы жеңіске жетті

​Болгарияда өткен турнирде шымкенттік гимнастшы жеңіске жетті

Шымкенттік гимнастшы Эльжана Таниева Болгарияда өткен «Sofia Cup» атты халықаралық турнирде жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

4-6 сәуір күндері Софияда өткен жарысқа 16 елден 50 үздік спортшы қатысты.

Екі жаттығуда үздік көрсеткішке қол жеткізген Эльжана Таниева, финалда 20,55 ұпаймен, шығыршық бойынша 22,3 ұпаймен жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, Эльжана Таниева Шымкент қаласының № 9 көркем гинастика спорт мектебінің шәкірті. ⠀