Бозарық-3 шағын ауданында жаңа спорт мектебі салынуда

Бозарық-3 шағын ауданында жаңа спорт мектебі салынуда

Шымкент қаласы Бозарық-3 шағын ауданындағы Шымкент қаласының ауыр атлетикадан олимпиадалық резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған спорт мектебінің жанынан қосымша тағы спорт мектебі салынуда. Қала әкіміМ.Әйтенов бүгін аталмыш ғимараттың құрылыс алаңында болды.

Аумағы - 0,3200 га. Жобаға сәйкес - нысанда бір ауысымда 10-нан 23 жас аралығындағы 100 оқушы жаттыға алады. Бірінші қабатта - ауыр атлетика залы (олимпиадалық штанга 190кг. 180 кг., тренажерлер), киім ауыстыру бөлмелері, жуынатын бөлмелер (ерлер - 64 орын, әйелдер - 36 орын), тренерлер бөлмесі,16 орынға арналған асхана, медпункт, жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері болады. Ал, екінші қабатта - әмбебап спортзал (күрес, греко-рим күресі кілемдері, дзюдо татамиі, бокс рингі), жұмысшылар мен қызметшілер бөлмелері, жуыну және киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған.

Құрылыс жұмыстары 2023 жылы ақталады.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі