«Бозарық» қосалқы станциясы шілде айында іске қосылады

«Бозарық» қосалқы станциясы шілде айында іске қосылады

Электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы 13 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып 23,5 мың адам сапалы электр қуатымен қамтылды. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 93%-дан, 95%-ға өсті, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 65-і сапалы электрмен қамтылса, 16 елдімекенде электр қуаты сапасыз.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Маулен Айманбетов БАҚ өкілдеріне берген брифингінде баяндады.

- «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы 2016-2021 жылдар аралығына жоспарланған. Жобанның жалпы құны -7,9 млрд теңгені құрайды. Бүгінде мұндағы жұмыстар толығымен аяқталды. Шілде айында «Бозарық» қосалқы станциясын іске қосамыз, - деді Маулен Айманбетов.

Бұл электр тарату станциясы пайдалануға берілсе, 4 елді мекендегі 70 мың тұрғын сапалы жарықпен қамтылады. Олар – Асар-2, Достық, Солтүстік саяжай және Қайнарбұлақ тұрғын алабтары.

Қазіргі таңда, 81 елді-мекеннің 40-ы табиғи газбен қамтылған, 33 елді мекен жартылай қамтылған, 8 елді мекен қамтылмаған.