Бозарық шағын ауданында қуанышты жағдай. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа құрылыс аумағында газ берілу іс-шарасына қатысты.
Табиғи газ желілерінің құрылысы 2023 жылы басталып, қазіргі таңда толық аяқталған. Тұрғындар құжаттарын әзірлеп бітсе, толық кіргізіледі деп отыр, мердігер мекеме қызметкерлері. Бүгінгі кездесуде “Қазақгаз аймақ” мекемесінің мамандары тұрғындарға газға қосылу талаптарын түсіндіріп, тұрғындардың өтініштері талапқа сай келген жағдайда газға қосылуға мүмкіндіктері бар екенін, сонымен қатар техникалық шарт пен қауіпсіздік мәселесі айтылды.
Жалпы газ жүйесінің ұзындығы 11,1 км, абонент саны 627 үй.
Аудан тұрғындарының талап-тілектерін тыңдаған қала әкімі жылдың соңына дейін шаһарда газбен қамтылу 100 пайызға жететінін мәлімдеді.
«Шымкент келбеті»