Бүгін Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов белгілі британдық «Hertfordshire Press» баспасының негізін қалаушы Марат Ахмеджановты қабылдады, деп хабарлайды Shymkentaqparat қала әкімінің Баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Кездесу барысында тараптар Шымкент қаласы мен ағылшынның Стивенидж қаласы арасындағы бауырластық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.
Hertfordshire Press — бұл бүкіл әлемдегі ағылшын тілді оқырмандарды Еуразиямен аймақ авторларының кітаптарын, журналдарын, нұсқаулықтарын басып шығару және әдеби фестивальдер мен форумдар өткізу арқылы біріктіретін ерекше баспа. Баспа каталогында 15 елден келген авторлардың 200-ден астам туындысы бар, ал жалпы таралымы миллион данадан астам.
Айта кетейік, Еуразия құрлығынан шыққан ғылыми-танымдық еңбектерді жариялауға маманданған Hertfordshire Press ағылшын баспа үйі еліміздің үшінші мегаполисі туралы «Шымкент - 2200 жыл гүлденген қала» атты кітапты басып шығарған болатын.