​"БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күні" іс-шарасына шақырады.

​"БЖЗҚ" АҚ "Ашық есік күні" іс-шарасына шақырады.

Тақырыбы: Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы

және жинақтау жоспары

2024 жылғы 20 қыркүйекте "БЖЗҚ" АҚ "Болашақ зейнетақыны қалай жинақтап, болжамды мөлшерін білуге болады: зейнетақы калькуляторы және жинақтау жоспары" тақырыбына арналған "Ашық есік күнін" онлайн-форматта өткізеді.

Мақсаты - салымшылар мен іс-шараға қатысушыларды болашақ зейнетақыны есептеу және оны ұлғайту жөніндегі жоспарды қалыптастыру/түзету үшін қажетті "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" ыңғайлы құралдарымен таныстыру.

Іс-шараны өткізу кезінде салымшыларға (іс-шараға қатысушыларға) зейнетақы калькуляторы арқылы болжамды зейнетақыны қалай есептеу керектігі туралы түсініктеме беріледі. Зейнетақы жоспарын қалай жасап, қажет болған жағдайда, қалай өзгертуге болатыны да көрсетіледі. "Зейнетақы калькуляторы" және "Зейнетақы жинақтарының жеке жоспары" қызметтерін пайдалану бойынша жаңа мүмкіндіктер туралы әңгімелеп береді.

Бұған қоса, өңірлік бөлімшелердің жауапты қызметкерлері іс-шараға қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, жеке кеңес беруге дайын.

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» 20 қыркүйек сағат 10-00 нан 17-00 дейін онлайн форматта 3 сессиядан өтеді:

1 сессиясы сағат 10-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 09-30);

2 сессиясы сағат 12-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 11-30);

3 сессиясы сағат 15-00 өтеді (қосылу уақыты сағат 14-30).

Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әрбір қатысушы:

1 сессия - https://enpf.webex.com/weblink/register/r9effb525c...

сілтемесімен өту керек.

2 сессия- https://enpf.webex.com/weblink/register/r119f701b1...

сілтемесімен өту керек.

3 сессия- https://enpf.webex.com/weblink/register/re6a803d4c...

сілтемесімен өту керек.

"БЖЗҚ" АҚ өз салымшыларын, алушыларын және барлық ниет білдірушілерді "Ашық есік күнінде" күтеді!