Дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған байқау басталды

Дене шынықтыру мұғалімдеріне арналған байқау басталды

Қазақстанда дене шынықтыру пәнінің педагогтары арасында конкурс басталды, деп хабарлайды Shymkentaqparat

Конкурсқа жалпы білім беретін мектептер мен спорт мектептерінің, ТжКБ мекемелер мен ЖОО дене шынықтыру оқытушылары қатыса алады. Байқауға жас мөлшеріне шектеу жоқ, кез келген жастағы ұстаздар қауымына бақ сынап көруге мүмкіндік бар.

Қатысушыларға Fitness Park KZ бағдарламасының ширатуэлементтерін жиынтықта қолдана отырып жаттығулар кешенінің негізгі бөлігін әзірлеу қажет. Байқау бағдарламасы және шарттарымен @fitnesspark_2021 ресми парақшасынан танысуға болады.

Одан соң әр қатысушы өзін таныстырып, жаттығулар кешенін ұсынатын бейнероликті дайындайды. Роликті #fitnesspark_baikau хэштегімен әлеуметтік желілерге жариялау керек.

Қатысушы жаттығулар кешені жазылған бейнероликті әлеуметтік желілерде 25 мамырға дейін жариялау керек.

Бейне жаттығуларсапалы және дыбыстық форматта жазылуы тиіс, музыкалық безендіру құпталады.

Естеріңізге сала кетейік, Fitness park KZжобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы – ЦПГИ гранты шеңберінде іске асырылып отыр.

Конкурс дарындарды анықтау және жастарды бұқаралық спортпен айналысуға тарту мақсатында өткізіліп отыр.

Конкурсқа қатысуға өтінім 2021 жылдың 25 мамырына дейін жалғасады. Ең үздік бейнеролик иесі бағалы сыйлықтармен, атап айтқанда, Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығында біліктілігін арттыру гранты және спорттық жабдықтар сатып алуға сертификатымен марапатталатын болады.