​ДЕНСАУЛЫҚ САҚШЫСЫ – АДАЛ ЕҢБЕК, ЗОР ҚҰРМЕТ

​ДЕНСАУЛЫҚ САҚШЫСЫ – АДАЛ ЕҢБЕК, ЗОР ҚҰРМЕТ

ДЕНСАУЛЫҚ САҚШЫСЫ – АДАЛ ЕҢБЕК, ЗОР ҚҰРМЕТ

Нұрәлі Жанар Шахизиндақызы – өз өмірін денсаулық сақтау саласына арнаған жан. Ол 1984 жылы 22 мамырда Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласында дүниеге келді. Жастайынан медицинаға қызығушылық танытып, адамдарға көмек көрсетуді өмірлік мақсатына айналдырды. Сол бала арманы оны Шымкент медициналық колледжіне жетелеп, 2002 жылы аталмыш оқу орнына оқуға түсті.

2005 жылы «Жалпы практика фельдшері» мамандығын игеріп, үлкен өмірге қадам басты.

Еңбек жолын туған қаласы Арыстағы «Торабтық аурухананың» терапия бөлімшесінде медбике болып бастаған Жанар Шахизиндақызы жұмысқа деген жауапкершілігімен, мейірімділігімен және кәсіби шеберлігімен көзге түсті. Әрбір пациентке тек дәрімен емес, жүрек жылуымен де көмектесе білді. Адам жанының арашашысы болу – тек білімді ғана емес, үлкен жүректі талап ететін кәсіп. Ал Жанар ханым дәл осындай қасиеттерімен ерекшеленді.

Жанар Шахизиндақызының медицина саласындағы кәсіби жолы жылдан-жылға шыңдала түсті. 2023 жылдан бастап Шымкент қаласындағы «Онкологиялық орталығы бар қалалық көпбейінді аурухананың» хирургия бөлімшесінде медбике қызметін атқарды. Бұл оңай жұмыс емес. Себебі хирургия бөлімшесі – күн сайын өмір мен өлімнің күресі жүретін орын. Осындай жауапты қызметте табандылық танытып, әріптестерінің сеніміне ие бола білді. Қазіргі таңда онкогематология бөлімшесінде медбике болып қызмет атқарып жүр.

Жанар ханымның еңбек тәжірибесі – 18 жыл. Осы жылдар ішінде ол тек кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, жас мамандарға үлгі болып келеді. Қызметтестерінің арасында жоғары беделге ие, науқастардың алғысын алып жүрген білікті маман. Ол медициналық құжаттарды сауатты жүргізіп, әрбір пациентке ерекше қамқорлықпен қарайды.

Нұрәлі Жанар Шахизиндақызы – медицина саласында жүргізіліп жатқан реформалар мен «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының іс жүзінде орындалуына үлес қосып жүрген абыройлы жан. Қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, денсаулық сақтау саласын дамытуға сүбелі үлесін қосуда. Оның медицинаға сіңірген еңбегі тек әріптестерінің ғана емес, ем алған әрбір пациенттің ризашылығымен бағаланады.

Ақ халатты абзал жанның бойында тек кәсібилік қана емес, адамгершілік қасиеттер де молынан табылатындығы сөзсіз. Ол әрдайым жас мамандарға білгенін үйретіп, тәжірибесімен бөлісуден жалықпайды. Өз ісінің үздігі, нағыз шипагер, өзіне жүктелген міндетті асқан жауапкершілікпен атқаратын мейірбан медбике.

#RSK #RSK_SHYMKENT #2025_ЖҰМЫСШЫ_МАМАНДЫҚТАР_ЖЫЛЫ