Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданында 9 мыңға жуық тұрғын қоныстанған. Бір мектеп, үш балабақша, медицина және учаскелік полиция бекеті жергілікті халық игілігіне қызмет етеді. Бүгінде шағын ауданда кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары қызу жүруде.
100% жекеменшік жүйедегі электр жарығын пайдалануда, мемлекеттік электр жарығымен қамту жұмыстарын биыл аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.
ауыз сумен толық қамтылған.
табиғи газбен қамту құрылысы аяқталып, қосуға дайын тұр. (АГРС-3 нысаны іске қосылғаны күтілуде)
кәріз жүйесі құрылысы жүруде, жыл соңында аяқтау жоспарланған.
биыл жеке инвестор есебіне антенна-мачталық құрылғы және «Kcell» компаниясы тарапынан "Автоцон" маңына базалық станция орнатылады.
жаңақұрылыс аумағындағы инфрақұрылым жүйесі жобасына енбеген 425 абонент ауыз сумен толық қамтылды;
- сапалы электр жүйесін жүргізу жұмыстары атқарылуда, көше бойында электр бағаналары орнатылуда;
- көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге тиісті мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.
жол – 33,1 шақырымы асфальт, 23,3 шақырымы тас жол, 20,1 шақырым көше топырақ жол.
2023 жылы – 14 көше, 2024 жылы – 8 көше, 2025 жылы – 13 көше асфальтталады.
2 маршрут 15-17 минут аралықпен жүруде.
45 ші маршрут 16-19 минут аралықпен жүруде.
52 ші маршрут 21-27 минут аралықпен жүруде.
150 ші маршрут 10 минут аралықпен жүруде.
Биыл "Алтын өлке" және "Бірлік" көшелері, 2023 жылы – 2 көше, 2024 жылы – 2 көше, 2025 жылы – 2 көше жарықтандырылады.